30 Маусым 2026
Құрметті ағайын-туыс, бауырлар, құда-жекжат, дос-жарандар!
Сіздерді отбасымыздың қос қуанышына ортақтасып, ақ дастарқанымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз.
Той Иелері
Ұлымыз Дарынның жоғары оқу орнын сәтті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басқан қуанышты күніне ортақ болуға шақырамыз. Білім жолындағы табысы мен жетістігін жақын жандарымызбен бірге атап өтуді жөн көрдік.
Ұлымыз Райымбектің сүндетке отырғызу рәсіміне арналған ақжарқын тойымызға шақырамыз. Азаматтық жолға жасаған алғашқы қадамы құтты болып, қуанышымыз еселене берсін.
Осы қуанышты күнде өздеріңізбен жүздесіп, шаттыққа толы сәттерді бірге өткізсек дейміз. Қуанышымызды бөлісіп, мерекеміздің сәнін келтірер қадірлі қонағымыз болыңыздар.
Сіздерді асыға күтеміз!
Құрметті қонақтар! Тойдың жоспарлануына көмектесу үшін 25 маусымға дейін төмендегі форманы толтырып, келуіңізді растауыңызды өтінеміз.